Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Еліміздің ЖОО-ларында 700-ге жуық оқу бағдарламасы тоқтатылады

Еліміздің ЖОО-ларында 700-ге жуық оқу бағдарламасы тоқтатылады
ото: freepik

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздегі жоғары оқу орындарында шамамен 700-ге жуық білім беру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеді. Себебі олардың мазмұны қазіргі заман талаптарына сәйкес келмей, ескірген деп танылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі enbek.kz платформасы арқылы 73 мыңнан астам кәсіпорынға сауалнама жүргізген. Соның нәтижесінде алдағы жылдары зейнетке шығатын қызметкерлер мен еңбек нарығына енді қосылатын жас мамандар туралы толық деректер жинақталған.

Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен өзектілігін жоғалта бастаған кәсіптер де анықталған.

"Қазіргі уақытта 8500-ге жуық оқу бағдарламасына сараптама жүргізілуде. Бұл жұмыс 1-2 апта ішінде аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде шамамен 700 білім беру бағдарламасын жабу қажет болады. Мұндай шешімнің салада белгілі бір қиындықтар тудыруы мүмкін. Кейбір ректорлар мен профессорлар ондаған жыл бойы оқытылып келген бағдарламалардың жабылуына қарсылық білдіруі ықтимал. Дегенмен жүргізілген толық аудит нәтижесінде бұл бағдарламалардың мазмұны ескіргені және сапа талаптарына сай келмейтіні анықталды", - деді министрь Мәжілістенгі Үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта оқып жатқан студенттер өз оқу бағдарламаларын толық аяқтап шығады. Алайда бұл мамандықтарға бұдан былай жаңа талапкерлер қабылданбайды және олар біртіндеп жабылады.

Саясат Нұрбектің мәліметінше, аталған өзгерістерге қатысты жұмыстар осы жылы басталмақ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі