Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды

еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды

Бірнеше облыста жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, ал кейбір өңірлерде қатты жел соғады деп болжанып отыр

АЛМАТЫ,7 сәуір – Sputnik. Алдағы үш күнде ауа райы бұзылады, жаңбыр мен қар жауады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оңтүстікте ауа райы қандай болады

Қызылорда облысында 8-9 сәуірде кей жерде жаңбыр мен қар, тұман түседі, найзағай, шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан және батыстан соғады, кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанып отыр.

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді.

8-9 сәуірде Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0...+5 градус жылы, солтүстікте және таулы аудандарда 5 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Синоптиктердің айтуынша, 9-10 сәуірде Тараз қаласында түнде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. 

8-9 сәуірде Түркістан облысының кей жерінде қатты жауын-шашын күтіледі, тұман болып, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 8 сәуірде түнде желдің екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр.

9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылы болады.

Түркістан қаласында 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. 

Шымкентте 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аязды көрсетіп тұр.

Солтүстікте ауа райы қандай болады

8 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, бұрқасындатады.

Көкшетау қаласында жауын-шашын түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында ертең оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші – 15-20 м/с.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с болады. 

Қарағанды жел соғады,жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-ке, одан да күшеюі мүмкін.

8 сәуірде Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысында кей жерде жаңбыр мен қар күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-8 градусқа дейін төмендейді.

Нұр-Султан қаласында 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан