KZNews.kz
Білім

Еліміздің бас педагогы мұғалімдерді әбден қинаған жұмысқа нүкте қойды

Қайсар Қанат
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қоғамда кең талқыланып, көптеген ұстаздардың сынына ұшыраған "Мақсатты мектеп" жобасы ресми түрде тоқтатылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова өз қатысуымен өткен кеңейтілген жиында жариялады. Басқосуда білім сапасы мен мектеп жүйесіндегі түйткілді мәселелер талқыланды.

Министрдің айтуынша, аталған жоба мұғалімдерге қосымша жүктеме түсіріп, олардың негізгі қызметін атқаруына кедергі келтірген. Бұдан бөлек, жобаның заңды негізі мен ресми құжаттары болмағандықтан, оны тоқтату туралы шешім қабылданған.

"Мұғалімдерді қолдаудың орнына, оларды қосымша сабаққа тартып, ауыр жүктемеге салған, нақты мақсаты мен ережесі анықталмаған "Мақсатты мектептер" жобасы тоқтатылуы керек. Ұстаздардың біліктілігін арттыру қажет, бірақ ол заңға сай, жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс", – деген еді Сүлейменова депутат кезінде.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары