KZNews.kz
Шоу-бизнес

Еліміздегі 19 ЖЭО апаттық жағдайда тұрғаны анықталды

KZNEWS

ЖЭО-ны тексеру жөніндегі Комиссия қысқы жылыту маусымына өз жұмысын аяқтады, - деп хабарлайды  Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің 37 ЖЭО тексерілді, оның 19-ы жоғары қауіпті "қызыл" аймаққа, 11-і "сары" аймаққа және 7-і "жасыл" аймаққа кіреді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2023 жылы 90 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, комиссияның қорытындысы бойынша мәселенің шешімі болатын факторлар:

- ЖЭО өндірістік қызметкерінің жалақысын орташа нарықтық көрсеткішке дейін арттыру,
- жылу желілерінің техникалық аудиті,
- қызметтерге жұмсалатын шығындармен халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету.

Фото: inform.kz

KZNEWS
Автордың басқа материалдары