Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Елімізде ақылы жолдар әлі де көбейеді

Елімізде ақылы жолдар әлі де көбейеді

Республикадағы жолдардың 6 мың шақырымнан астам бөлігі ақылы болады.

Келесі жылдың аяғына дейін тағы 13 жолға арнайы ақы төлеу бекеттері орнатылмақ. Шенеуніктер бұл бюджетке шамамен 30 миллиард теңге табыс түсіреді деген жоспарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Ақылы жолдардың 3 учаскесінен жыл сайын – 4 миллиард теңге, ал 16 учаскеден – жылына 30 миллиард теңге кіріс түседі, деп болжануда. Сосын жыл соңына дейін тағы 11 арнайы автоматтандырылған есептеуіш құралдарды іске қосу жоспарланған. 2021 жылға қарай ондай құралдардың жалпы саны 46 дана болады,– дейді ҚР инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Осылайша, еліміздегі ақылы жолдардың жалпы қашықтығы 6 мың шақырымнан аспақ. Астана – Павлодар, Ақтау – Бейнеу және Қызылорда – Шымкент жолдарымен жүретін жүргізушілерге де ақы төлеуге тура келеді.

Айта кетсек, Қазақстанда әзірге үш жол ғана ақылы: Алматы – Қорғас, Астана – Теміртау және Алматы – Қапшағай тас жолдары. Ол жолдармен жүру құны өзгермейді, бір шақырымға бір теңге болып қала бермек.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!


[ad_2]
Zakon.kz
Автор
Бауыржан