Щучинсктегі жарылыс: қаза тапқандарға 2 млн, зардап шеккендерге 1 млн теңге жәрдемақы беріледі
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елдос "Колобок" анасы жайлы айтып, желі қолданушыларының көңілін босатты (ВИДЕО)

Елдос "Колобок" анасы жайлы айтып, желі қолданушыларының көңілін босатты (ВИДЕО)
видеодан скриншот. Суретте: Елдос "Колобок" пен анасы

Танымал блогер әрі әзілкеш Елдос "Колобок" анасының не себепті тұрмыс құрмағанын ашық айтып, көпшілікті ойландырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, анасы ешқашан "тұрмысқа шығам" деп сөз қозғамаған.

"Анам ешқашан "мен тұрмысқа шығамын" деген емес. Біз бала күнімізде қатты бұзық болдық. Сол кезде кейбір туыстар: "Детдомға өткізіп жібер де, өзің тұрмысқа шығып ал" деп бетімізге тік айтатын. Бірақ біз анамызды қызғанатынбыз. Айдаладағы біреуге қосылсын деп қимайтынбыз. Мен де рұқсат бермедім", – дейді Елдос.

Ол бұл әрекетін әке мен анаға деген махаббатпен түсіндіріп отыр.

"Әкем біз үшін құрбан болды, ал анам бүкіл өмірін бізге арнады. Ол өзі де ештеңе сұрамады, туыстар да "міне, осындай адам бар" деп алып келмеді", – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер