"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

28 қаңтарда ауа райы қандай болады

28 қаңтарда ауа райы қандай болады
Фото: oyina.uz

28 қаңтар күні таңертең Қазақстанның барлық өңірінде тұман байқалып, күндіз елдің басым бөлігінде қар жауады. «Қазгидромет» ұсынған болжам бойынша, кей аймақтарда жауын-шашын қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Kznews.kz.

Елордада көшпелі бұлт шығып, қар жауады: жел 1-6 м/с, түнде -25…-27°C, күндіз -15…-17°C болады. Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, жел 3-8 м/с соғады: түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.

Шымкентте қар аралас жаңбыр күтіледі, жел 15-20 м/с: түнде және күндіз 0…-2°C. Түркістанда да ұқсас ауа райы болжанып отыр: жел 15-20 м/с, түнде және күндіз -1…+1°C. Таразда жел 9-14 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +5…+7°C болады.

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с: түнде -12…-14°C, күндіз 0…-2°C. Атырауда да жауын-шашын күтілмейді: жел 5-10 м/с, түнде -18…-20°C, күндіз -8…-10°C. Оралда жел 9-14 м/с соғып, түнде -23…-25°C, күндіз -15…-17°C болады.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 5 м/с: түнде -26…-28°C, күндіз -13…-15°C. Қостанайда да жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с: түнде -27…-29°C, күндіз -12…-14°C. Көкшетауда түн қатты суып, -28…-30°C-қа дейін төмендейді, күндіз -10…-12°C; жел 5-10 м/с.

Қарағандыда жауын-шашынсыз: жел 3-8 м/с, түнде -14…-16°C, күндіз -9…-11°C. Жезқазғанда да жауын-шашын күтілмейді: жел 4-9 м/с, түнде -11…-13°C, күндіз -7…-9°C.

Шығыс өңірлерде Өскеменде бұлтты, қар: жел 2-7 м/с, түнде -13…-15°C, күндіз -8…-10°C. Семейде жауын-шашынсыз: жел 4-9 м/с, түнде -16…-18°C, күндіз -10…-12°C.

Павлодарда жауын-шашынсыз, түнде -28…-30°C, күндіз -19…-21°C; жел 5-10 м/с. Петропавлда қар жауып, жел 9-14 м/с соғады: түнде -27…-29°C, күндіз -13…-15°C.

Қызылордада бұлтты, қар: жел 7-12 м/с, түнде -6…-8°C, күндіз -2…-4°C. Талдықорғанда қар жауып, жел 2-7 м/с: түнде -5…-7°C, күндіз -1…-3°C. Қонаевта қар аралас жаңбыр болжанып, жел 9-14 м/с: түнде -4…-6°C, күндіз 0…-2°C болады.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер