Ел арасында MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев күні кеше ғана әке атанды. Оның қалыңдығы Жәния сәбиімен түскен суретін желіге жүктеген деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram
Естеріңізде болса, елді дүрліктірген той былтыр жазда болған еді.
MAKVIN лақап атымен танылған Нұрболат Базарбаев тақырбас қалыңдыққа үйленіп, тойын дүркіретіп өткізген еді.
Күні кеше ғана ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанған.
Әншінің жары Жәния желіге сәбиін құшақтап түскен суретін салып, көптің ыстық ықыласына бөленген. Онда ол:
"Бізге бір күн", - деген қысқа ғана жазба қалдырған.Желі қолданушылары "Сәбидің бауы берік болсын", "Қуаныштымыз", "Үлкен азамат болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz