KZNews.kz
Шоу-бизнес

Елді 30 жыл билеген диктаторға оқ тиіп опат болды

Еркебұлан

30 жыл ел билеген президент оқтан өлді.

Чадтың президенті Идрис Деби соғыста қаза тапты. Мемлекетті тура 30 жыл билеген. Бұл туралы әлеуметтік желіге саясаттанушы Асхан Қасенғали жазды.

Өткен аптадағы президенттік сайлауда алтыншы мәрте жеңіп шығып еді марқұм диктатор. Ол билікке 90-жылдары көтеріліс арқылы келген. Енді міне өзі де көтерілісшілер қолынан жан тапсырды. Жексенбіде болған атыс барысында ауыр жарақат алып, кеше көз жұмды.

Еркебұлан
Журналист
Автордың басқа материалдары →