Қазақстан спортшысы Қуат Хамитов Инстаграм желісіндегі парақшасында елдегі соңғы жағдайларға байланысты жазба жариялады. Ол қоғамдағы дау-жанжал тудыратын күштердің бар екенін жеткізді.
"Менің бір байқағаным, соңғы уақытта елдегі ұлтшылдыққа сырттай демеушілік жасайтын бір топ бар. Олар қоғамда алауыздық тудырады.
Менің ойымша,
Патриот - бір адамның басқаны көзі немесе құлағы қисық болғаны үшін ұратын, жек көретін адам емес;
Патриот - ешкімді қорламайды, кемсітпейді;
Патриот - халқымыз тыныш әрі бақытты болу үшін қолдан келгенгің барлығын істейді" - деп жазды.
Фото: kuat_khamitov инстаграм парақшасы