KZNews.kz
Саясат

Елдегі қымбатшылық: Шаққалиев отставкадан қорықпайтынын айтты

Torgyn Abushakhman

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасының өсуіне қатысты пікір білдіріп, егер қойылған міндеттерді орындай алмаса, кез келген кадрлық шешімге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz

- Отставкаға келсек, мемлекеттік қызметте біз әрдайым кез келген уақытта шешім қабылдауға дайын болуымыз керек. Егер өзімізге жүктелген міндетті орындай алмасақ, ол үшін жауап беруге тиіспіз. Қыркүйектің басынан бері индекс – 0,2%. Бұл маусымаралық кезең үшін жақсы көрсеткіш. Біз баға өзгермейді деп отырған жоқпыз. Баға әрқашан құбылады. Бірқатар тауарларда төмендеу бар, кейбірінде маусымдық өсу бар. Бірақ жалпы мақсат – халыққа қолжетімді бағаны қамтамасыз ету, тұтынушыға өзіне лайық өнімді таңдау мүмкіндігін беру, – деп түйіндеді министр.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар Threads әлеуметтік желісінде азық-түлік қымбатшылығы туралы жаппай жаза бастаған болатын. 

Сонымен қатар, билік өкілдері қымбатшылыққа қатысты жағдайды басқаша бағалады. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі тұрақты.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары