Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?

Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
Фото: ашық дереккөздерден

Forbes Kazakhstan журналы еліміздегі ең ықпалды әйелдердің рейтингін жариялады. Бұл тізім осымен үшінші рет түзіліп отыр.

Рейтингтің көшін бұрынғыдай Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бастап тұр. Алғашқы төрттік өзгермеген. Одан кейінгі орындарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева және "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова бар. Бесінші орында эколог әрі кәсіпкер Әсел Тасмағамбетова тұр.

Бұл жолғы рейтинг тұрақтылығын сақтағанымен, жаңа есімдер де қосылған екен. Мысалы, биыл тізімге алғаш рет Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, продюсер әрі кәсіпкер Баян Алагөзова, кәсіпкерлер Гауһар Әбықаева және Раушан Жақсыбай енген.

Жалпы, Forbes Women Kazakhstan дерегінше, рейтингтегі 25 әйелдің он сегізі былтырғы орнын сақтаған. Сондай-ақ, әйелдер ықпалының құрылымында да біраз өзгеріс бар екен. Биыл ең көп өкілдікке бизнес саласы ие болды, олардың саны жеті адам. Ал мемлекеттік басқару мен қаржы секторынан бес-бестен өкіл кірген. Мұнан бөлек, тізімге квазимемлекеттік сектор басшылары, қайырымдылық қорларының жетекшілері, құқық қорғаушылар, ғылым және мәдениет өкілдері де енген.

Жалпы, рейтингтің тұрақты өзегі Қазақстандағы әйелдер ықпалының негізгі орталықтары өзгермегенін көрсетсе, жаңа қатысушылар бизнес, мемлекеттік басқару және әлеуметтік саясаттағы әйелдердің салмағы артып келе жатқанын аңғартады.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.