Рейтингтегі бірінші орынға Вячеслав Ким қайта шықты. Иелігінде Alatau City Bank, Kaspi және басқа да активтері бар кәсіпкер бұған дейін 2023 жылы да тізімнің көшін бастаған. Екінші орында Болат Өтемұратов тұрса, үшінші орындыТимур Құлыбаев иеленген.
Ал алғашқы ондыққа Нұрлан Смағұлов, Шахмұрат Муталип, Тимур Турлов, Нұрлан Артықбаев, Андрей Лаврентьев, Айдын Рахымбаев және Владимир Ким сияқты кәсіпкерлер енді.
Айтпақшы, бұл жолғы рейтингтегі басты жаңалықтардың бірі бизнесмен Шахмұрат Муталиптің тізімге алғаш рет еніп, бірден бесінші орын алуы болса керек.
Жалпы, Forbes Kazakhstan журналының дерегінше, биыл рейтингке төрт жаңа есім қосылған көрінеді.