Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы, әнші Аймира Аман әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардың назарын аударған жазбасымен бөлісті. Өнер иесі жарияланымында өмір, тағдыр мен адам арасындағы айырмашылықты меңзейтін өлең жолдарын келтірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Өлең жолдарында адамның өмірден іздейтіні, әркімнің басынан өтетін сынақтары мен уақыттың өз жауабын беретіні туралы ой қозғалады.
«Жалғаннан адам жақұт тереді,
Жауап қайтарар уақыт келеді.
Елде жоқ қайғы берген Жаратқан,
Ешбір жанда жоқ бақыт береді.
Дүние басқа, менің дүнием басқа. Мен басқамын, басқалар басқа», – деп жазды Аймира Аман.
Жарияланымдағы сөздер көпшілікке ой салғанымен, әнші бұл жазбасының нақты кімге немесе қандай жағдайға қатысты екенін түсіндірмеген. Сондықтан оның өлең жолдары арқылы қандай оқиғаны меңзегені әзірге белгісіз.