KZNews.kz
Қоғам

Елде электр энергиясы жетіспеушілігі ушығып барады

Ілияс Тұрсынхан
фото: time.kz

Қазақстанда электр энергиясын тұтыну мен өндіру арасындағы алшақтық арта түсуде, деп хабарлайды kznews.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап. 2024 жылы бұл айырмашылық 2,4 млрд кВт∙сағатқа жетіп, жаңа антирекорд тіркелді. Электр станциялары 117,9 млрд кВт∙сағат өндірсе, тұтыну көлемі 120,4 млрд кВт∙сағат болды.

Энергия жетіспеушілігін Қазақстан негізінен Ресейден импорт арқылы өтейді, ал Қырғызстаннан аз мөлшерде, көбінесе транзит арқылы сатып алады.

2024 жылы өндіріс көлемі 4,2%-ға артқанымен, 2025 жылдың алғашқы екі айында көрсеткіштер өткен жылмен шамалас болды. Соған қарамастан, қыс тағы да тапшылықпен аяқталды.

Энергетика министрлігінің 2025–2031 жылдарға арналған жаңартылған болжамына сай, биыл тапшылық 5,7 млрд кВт∙сағатқа дейін өсуі мүмкін. Бұған дейін 2025 жылы 121,8 млрд кВт∙сағат өндірілетіні жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш 117,1 млрд-қа қысқартылды. Сондай-ақ, биыл іске қосылатын жаңа қуат көздерінен күтілетін өндіріс те азайтылды.

Ілияс Тұрсынхан
Автордың басқа материалдары