Жаңалықтар

Ел арасында "атыраулық хакер" деп танылған блогер сұхбат берді (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Ел арасында "атыраулық хакер" деп танылған блогер сұхбат берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Атырау облысында қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға байланысты өз бетінше зерттеу жүргізіп, деректерді әлеуметтік желіде жариялап жүрген "атыраулық хакер" алғаш рет өзі туралы кеңірек мәлімет берді. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат порталы хабарлады.

Онымен атыраулық блогер Қабырбай сұхбаттасқан. Әңгіме барысында "атыраулық хакер" атанып кеткен азамат өзінің есімі Нұрлан екенін айтты.

"Есімім – Нұрлан. Мұны бәрі біледі. Мен ешқашан жеке суреттерімді интернетке салмаймын. Бірақ істеген жұмыстарым мен аккаунтым арқылы мені біраз адам біледі деп ойлаймын. Атырауға қарасты Құрманғазы ауданының тумасы боламын. "Хакер Атырау" аккаунтын инстаграм арқылы жүргіземін. Тақырыбым ІТ саласы, шолулар және ақпараттық қауіпсіздік. Анықтау мен зерттеу бағыттарында видеолар түсіріп жүрмін", – деді ол.

Нұрлан жастайынан ауыр еңбекке араласқанын да жасырмады. Айтуынша, бала кезінен техника мен технологияға қызығушылығы жоғары болғанымен, қазіргі деңгейге бірден жетпеген.

"Бала күнімнен техника мен технологияға жақын өскенмін. Қазірігі бағдарламалар жұмыс істегенге дейін түрлі саланың дәмін татып көрдім. Жүктасушы, такси да болдым. Кейін өз қызығушылығымның арқасында іздене бастадым, Мәскеуге барып білімімді жетілдірдім. Бірақ маған оқу орындарына қарағанда өзімнің ізденісім көбірек пайдасын тигізді. Бұл салада 2019 жылдан бері келе жатырмын. Ең алғашқы тапсырмам атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру үшін қарымта жасалға кибер шабуыл болды", – деді қабілетімен елге танылып үлгерген Нұрлан.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz