100 = 70 - 30: қоғамдық пікір саяси шешімдерге қаншалықты ықпал етеді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Экс-президенттің жұбайы пара алғаны үшін сотталды

Экс-президенттің жұбайы пара алғаны үшін сотталды
Фото: Global Look Press

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы Ким Гон Хи кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан бағалы сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот отырысында судья Чо Сун Пё президенттің жұбайы қоғам алдында ерекше жауапкершілікке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай мәртебедегі адам барынша ұстамды болып, кез келген әрекетінде жоғары әдеп стандарттарын сақтауы тиіс. Алайда Ким Гон Хи бұл талаптарды елемей, өзінің қоғамдық мәртебесін пайдалана отырып бірнеше рет қымбат сыйлықтар қабылдаған.

Сот шешімімен оған берілген барлық бағалы сыйлықтар мемлекет пайдасына тәркіленетін болды. Тізімге Van Cleef & Arpels брендінің гауһар тасты алқасы, Tiffany брошы, Dior сән үйінің қымбат сөмкесі, тасбақа мүсіншесіне арналған сәндік қорап және кореялық танымал суретші Ли Уфанның картинасы енгізілген.

Ким Гон Хи сот барысында аталған сыйлықтарды алғанын жоққа шығармады. Дегенмен ол олардың қандай да бір саяси немесе жеке мүдде үшін берілгенін мойындамай, сыйлықтардың ешқандай қарсы қызмет көрсету мақсатында қабылданбағанын айтты.

Бұл іс Оңтүстік Кореяда жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерінің этикасы мен жауапкершілігіне қатысты қоғамдағы талқылауды қайта күшейтіп отыр. Соттың бұл шешімі елдегі жемқорлыққа қарсы саясат аясындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде бағалануда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.