Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Экономика министрінің әйелі бір жылда 88 миллион қаржы тапқан

Экономика министрінің әйелі бір жылда 88 миллион қаржы тапқан
Фото: primeminister.kz

Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректерінде жарияланған қаржылық есепке сәйкес, 2024 жылы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің отбасы елеулі көлемде кіріс көрсеткен. Декларацияда көрсетілген мәліметке сүйенсек, бір жыл ішіндегі жалпы табыс 88,6 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл қаражат жалақыдан емес, инвестициялық қызмет нәтижесінде алынған. Нақтырақ айтқанда, отбасының кірісі бағалы қағаздарға салынған қаржыдан түскен дивидендтер мен пайыздық сыйақылардан құралған. Министрдің ресми еңбекақысы аталған соманың құрамына енгізілмеген.

Қаржылық көрсеткіштер туралы ақпаратты Серік Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықова заңнама талаптарына сай декларациялаған. Ресми деректер мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен мүлкінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жарияланған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.