278 млрд доллар: импорт иірімі жұтқан қаржы Ұлттық қорды орап ала ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Екіқабат әйел өлтірілген жантүршігерлік қылмыстың беті 9 жылдан соң ашылды

Екіқабат әйел өлтірілген жантүршігерлік қылмыстың беті 9 жылдан соң ашылды
Фото: depositphotos.com

Ер адам 2017 жылы 21 жастағы қыздың өліміне байланысты қылмыс бойынша сот алдында жауап береді, деп хабарлайды kznews.kz Mirror басылымна сілтеме жасап.

Австралияның Сидней қаласының батысындағы Кингсвуд ауданында Хейли МакКленахан-Эрнсттің күмәнді өлімі бойынша жүргізілген тергеуден кейін ер адамға кісі өлтіру айыбы тағылды. Оқиға кезінде ол жүкті болған.

2017 жылғы 21 мамырда түнгі сағат 00:15 шамасында полицияға үйден қоңырау түсіп, сол жерде Хейлидің ес-түссіз табылғаны хабарланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері көмек көрсеткенімен, ол оқиға орнында көз жұмды.

Марқұммен таныс 21 жастағы ер адамға сол кезде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты шығарылған қорғау ордерін бұзды деген айып тағылып, іс сотта қаралған.

Алайда 2026 жылғы 14 сәуірде таңғы сағат 07:30-ға дейін детективтер Коффс-Харбордың солтүстігіндегі Букка елді мекеніндегі үйге барып, 30 жастағы ер адамды ұстады. Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясы жариялаған видеода татуировкасы бар ер адамның қолына кісен салынып, полиция көлігіне отырғызылғаны көрінеді.

Ол Коффс-Харбор полиция бөліміне жеткізіліп, оған кісі өлтіру бойынша айып тағылды. Сол күні ол кепіл мәселесі бойынша сот алдына шығарылады.

Хейлидің өлімі бастапқыдан-ақ күмәнді деп танылып, 2017 жылдан бері бұл қылмыс бойынша ауқымды тергеу жүргізілген.

2025 жылы коронерлік тергеу тоқтатылып, іс Мемлекеттік айыптау директорына берілген. Сол жылдың қазан айында Непин полиция басқармасына қарасты детективтер істі қайта қарап, тергеуді жалғастырды.

Қосымша тергеу мен қоғамнан алынған ақпараттың нәтижесінде жедел топ қызметкерлері Хейлидің өлімінен шамамен тоғыз жыл өткен соң 30 жастағы күдіктіні қолға түсірді.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер