KZNews.kz
Жаңалықтар

"Екінші әйелі қарамаған": Мөлдір экс-күйеуі Тұрсынбекке ота жасалғанда да жанынан табылған

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанның есімі тағы да әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды ozgeris.info.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Мөлдір Мұқан бір кездері Тұрсынбекке ауыр ота жасалған сәтте оның қасынан табылған. Әзілкештің денсаулығына алаңдаған ол, көз жасына ерік беріп, бұрынғы жұбайының амандығын тілеген. Бұл туралы блогер Айсұлу ханым өзінің парақшасында бөліскен.

"Мөлдірдің бұрынғы жұбайы ауырып қалғанда, ауруханада оның жанында болдым. Жүрегі жаралы болса да, ерінің ауырғанына жаны ауырды. Амандығын тіледі. Тұрсынбек ауырып жатқанада, оған екінші әйелі емес, Мөлдір барып қарады", – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқан сұхбаттарының бірінде сол оқиғаны еске алып, Тұрсынбектің жарақатының себебін нақты білмейтінін айтқан.

"Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. "Тұрсынбек, сен неге сондайсың?" – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық", – деді Мұқанова.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары