Ферғана облысы Бешарык ауданының соты автокөлік жуатын орында кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау оқиғасына қатысыт қылмыстық істі қарады. Жергілікті екі кәсіпкер 13 жастағы қызды зорлаған деп айыпталды.
Фото: Сentralasian.org
08:00 10.11.2018
Бешарык аудандық соты хатшысының хабарлауынша, сотта куәгерлер тыңдалып, сот сараптамасының нәтижесі қаралған. Сараптама қызды бірнеше адам зорлағанын анықтаған.
Айыптау қорытындысында 13-жастағы Д.И. 10 мамыр күні түнде зорланған делінген.
"Қыздың денесінде көгерген іздер жоқ. Сот барысында қыздың өз еркімен төсекке жатқаны анықталды. Жігіттер қызға бес мың сумнан (бір доллардан аз) берген", - деді сот хатшысы.
Дегенмен жәбірленушінің адвокаты қызды алдаған дегенді алға тартып отыр.
Соттың кезекті отырысы келесі аптада өтеді. Сот жабық өтіп жатыр.
Дереккөз: Сentralasian.org