KZNews.kz
Қаржы

Екі әлеуметтік төлемнің мөлшері 1 қаңтардан бастап өседі

Жарқын Омаров
Фото: depositphotos.com

Үкімет 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттыру жүргізілсін", –  делінген Үкімет қаулысында.

Сонымен қатар, осы күннен бастап келесі көрсеткіштер ұлғаяды:

Қазан айында Мәжіліс депутаттары ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынған болатын, алайда Үкімет бұл норманы қолдамады және ол заңға енгізілмеді.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →