KZNews.kz
Шоу-бизнес

Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық...

Жандос

Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық...

Осыдан бір ай ғана бұрын бір таныс қыз: "Мен сайтан біліп алдым" - деп жазды. Оның қателесіп тұрғанын білдім де "Сіз, сайтан, нені білдіңіз?"- дедім. "Кешіріңіз, мен сайттан білдім"- деп дұрыстап жазғанын жазып едім ғой)).

Ол мына ватсабыма жазып қай- қайдағыны еске түсіріп жібергеннің жанында ойнамай қалды.

Өткенде сатып алатын үй іздеп жүргенде танысым: "Бір риелтор бар, жақсы үй тауып береді. Сенің нөмерінді берейін, өзі хабарласады"- деді. "Жақсы болар еді"- деп қуана кеттім .

Ертесі біреу: "САЛАМАТСЫЗ БА? кездессек болады ма? " - деп жазады. "Сәлеметсіз! Мен бос емеспін, жаза беріңіз"- дедім.

"МЕН УМЫТ "- деген хабарлама келді сол нөмерден. Мәә, қай- қайдағы еске түсіп кетіп "ұмытқаны несі? "- дедім. "eto ia Umit. Ia rieltor, vi kvartiru iskali? U menia mnogo varianov est " деп латынша жазып еді... "Тух, жүректі тулаттыңыз ғой, Үмітпін десеңізші"- деп күліп алдық)).

Оның алдында ғой, балама дәстүрлі ән үйрететін адам іздегенмін . Бір күні біреу: "Сәлеметсіз бе? " - деп жазып тұр. "Сәлеметсіз!"- деп мен де жаздым. "мен сағынбаймын ғой" - деген хабарлама келді. Бұл кім еді?- деген неше түрлі ойға кеттім. Ақырын тамырын басып біліп алайын деген оймен "сағынбаймыны несі? "- деп жазып көрдім. Хабардандыру бойынша жазып тұрған Сағынбай деген дәстүрлі әнші екен)).

Ее, сөйтіп, ұмыты бар, сағынбағаны бар жүректі бір тулатып алдық)).

Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан

Көрілген: 8    Пікірлер: 0

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →