Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дзюдоны қоясың дедім: Айбек Оралбай отбасы құпиясымен бөлісті

Дзюдоны қоясың дедім: Айбек Оралбай отбасы құпиясымен бөлісті
GOV.KZ

Қазақстан құрамасының капитаны, белгілі боксшы Айбек Оралбай тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірі, отбасы және балаларының болашағы туралы әңгімеледі.

Боксшының айтуынша, жұбайы бұрын дзюдомен айналысқан, алайда кейін кәсіби мансабын аяқтап, отбасына ден қойған.

– Әйелім дзюдошы. 2016 жылы Якутияда өткен «Азия балалары» жарысында таныстық. Жол ұзақ болды, чартерлік рейспен ұштық. Сол кезде көзім түсіп, кейін сөйлесіп кеттік. Ол кезде 16 жаста едік. Ал 2020 жылы оған «дзюдоны қоясың, себебі мен сенімен үйленемін» дедім. Ол келісіп, бүгінде үйде ана болып отыр, – деді спортшы.

Сұхбат барысында Айбек Оралбай балаларын да спортқа баулуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

– Дзюдоға береміз. Бокста жүрген соң, қаншалықты ауыр екенін білемін. Сондықтан қимаймын, – деді ол.

Айта кетейік, Айбек Оралбай жақында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында аса ауыр салмақта чемпион атанды. Бұған дейін ол 2018 жылы Будапештте жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алған. Сол жылы Буэнос-Айресте өткен жастар Олимпиадасында алтын медаль иеленді. Ал 2022 жылы Амманда Азия чемпионатында топ жарды.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.