Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Айбек Оралбай атақты Ла Крусты жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды (видео)

Айбек Оралбай атақты Ла Крусты жеңіп, әлем чемпионатының финалына жолдама алды (видео)

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай жартылай финалда тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

90 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде ол Кубаның даңқты өкілі, екі мәрте олимпиада чемпионы әрі бес дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездесіп, сенсациялық жеңіске жетті. Тартысты жекпе-жекте Оралбай үшінші раундта нокдаунға түскеніне қарамастан, табандылық танытып, қарсыласын төрешілер шешімімен ұтты.

Осы нәтиженің арқасында Айбек Оралбай әлем чемпионатының финалына шықты және алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал фаворит саналған Ла Крус жарысты күтпеген жерден тек қола жүлдемен аяқтады.

Қазақстандық боксшы ақтық сында Өзбекстан спортшысы Жахонгир Закировпен кездеседі.

Айта кетейік, Оралбайдың бұған дейінгі ең ірі жетістігі Азия чемпионаттарындағы екі алтын медаль болатын

 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.