KZNEWS.KZ
Спорт

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

• Азамат Қойшығара
Видеодан алынған кадр

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде сүйіктісінің үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлады, деп жазады kznews.kz.

Спортшы Instagram парақшасында бір құшақ раушан гүлін ұстап тұрған ер азаматтың суретін жариялап, жазбаға "Иә дедім" деп қысқа пікір қалдырған.

Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап, жылы тілектерін жаудырды. Пікір қалдырғандардың арасында оның алдағы Олимпиада ойындарына қатысу жоспары туралы сұрағандар да болды.

Оқырмандардың бірі «2028 жылғы Олимпиаданы күтпедің бе?» деп жазса, тағы бірі «Спорттағы мансап аяқталды ма?» деген сауал қойған.

Әбиба Әбужақынова осы сұрақтардың біріне жауап беріп, "Бұйырса барамын" деп жазды.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →