Әбиба Әбужақынова жеке өміріне қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазақстандық дзюдошыға сырға салу рәсімі өтіп, ол:
"Сырғалым атандым… Бірақ спорттан кеткен жоқпын. Алда – 2028 жылғы Жазғы Олимпиада!" – деп жазба жариялады.
Белгілі болғандай, Әбибаның таңдауы Ермахан Әнуарбеков есімді спортшыға түскен.
Ермахан Әнуарбеков – дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Ол Almaty Junior Asian Cup турнирінің жеңімпазы, Қазақстан чемпионы және спорт шебері атанған.
Сонымен қатар спортшы халықаралық Grand Slam және Grand Prix турнирлеріне қатысып, тәжірибе жинақтаған.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова алдағы уақытта да спорттағы мансабын жалғастырып, 2028 жылғы Олимпиада ойындарына дайындалатынын мәлімдеді.