KZNews.kz
Мәдениет

Джастин Бибер желідегі парақшасында Маңғыстау табиғатының сұлулығын паш етті

Айжан Сыланова

Әнші танымал @earthbestshots парақшасында жарияланған фотоларды өз Stories бөлімінде бөліскен. Суреттерді әйгілі пейзаж фотографы Даниэль Кордан түсірген.

165 метрлік Боқты тауы Үстірт қорығында орналасқан. Ол ерекше пішіні мен қабат-қабат жоталарының түсіне байланысты халық арасында "Тирамису" деген атауға ие. Әсіресе күннің шығуы мен батуы кезінде тау алтын мен от түстес реңкке боялып, ерекше көрініс береді.

Джастин Бибердің бұл табиғи нысанға назар аударуы қазақстандықтар үшін мақтаныш, ал шетелдік аудитория үшін қызығушылық туғызды.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →