Қазақстанға әсері қандай: Ресей бизнесінің қаржылық жағдайы нашарлап барады...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды

«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
фото: ашық дереккөз

Оның өмірден озғанын жақындары әлеуметтік желіде хабарлады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбдіахметов өмірден озды. Ол ел есінде «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» сияқты әндерді орындап есте қалған, деп хабарлайды kznews.kz  Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Құрметті жақындары, достары, әріптестері және Болат Нұқыбайұлының шығармашылығын құрметтейтіндер. Болат Әбдіахметовтің өмірден озғанын хабарлаймыз», - деп жазған жақындары.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Әбдіахметов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік музыка училищесін эстрада және джаз сыныбы бойынша тәмамдаған. Қазақстаннан басқа, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Таиланд елдерінде концерт қойған.

Оның ең танымал әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әні еді. Ол әнді Орта Азия және Еуропаның бірқатар елдеріндегі жастар сүйіп тыңдайды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.