Джеффри Эпштейннің 2019 жылы түрмеде қайтыс болар алдында жазды делінген хаты жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Нью-Йорк штатының Уайт-Плейнс қаласындағы федералдық сотының судьясы Кеннет М. Карасом Эпштейнге тиесілі болуы мүмкін жазбаны жария еткен. Құжат осы уақытқа дейін оның камераласымен байланысты қылмыстық іс аясында құпия сақталып келген.
Судья бұл шешімді The New York Times басылымы құжатты жария ету туралы өтініш бергеннен кейін қабылдаған.
Хаттағы алғашқы жолдардың бірінде «Олар мені бірнеше ай бойы тергеді, ештеңе таппады!!!» делінген.
Сондай-ақ жазба авторы өзіне тағылған айыптардың көп жыл бұрынғы оқиғаларға қатысты екенін айтқан.
«Қоштасатын уақытты өзің таңдаудың өзі бір ғанибет. Менен не күтесіңдер? Жылап жіберейін бе? Бұл күлкілі емес! Бұған тұрмайды», - деп жазылған хатта.
Эпштейннің камераласы Николас Тартаглионе бұл жазбаны 2019 жылдың шілдесінде тапқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, сол кезде Эпштейн мойнына мата оралған күйде ес-түссіз жатқан жерінен табылған. Ол оқиғадан аман қалғанымен, бірнеше аптадан кейін Төменгі Манхэттендегі түзету мекемесінде өлі күйінде табылды.
Сонымен бірге The New York Times журналистері хаттың түпнұсқалығы нақты растамағанын айтады. Дегенмен мәтінде Эпштейннің электрондық хаттарында жиі қолданған сөз тіркестері кездесетіні айтылған.
Айта кетейік, Джеффри Эпштейн ісіне байланысты жарияланған материалдарда Кәрім Мәсімовтің есімі бірнеше рет аталады. Атап айтқанда, оның аты электрондық хаттар мен басқа да құжаттарда кемінде сегіз мәрте көрсетілген. Бұл деректер 2011-2015 жылдар аралығын қамтиды. Осыған орай Бас прокуратура аталған мәліметтердің рас-өтірігін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.