Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Думан Мұхаметкәрім экстремизмді қаржыландыру ісі бойынша екі ай қамауға алынды

Думан Мұхаметкәрім экстремизмді қаржыландыру ісі бойынша екі ай қамауға алынды

Думан Мұхаметкәрім – экстремизмді қаржыландыру ісі бойынша күдікті. 22 маусым күні кешке сот оны екі айға қамауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы Іле аудандық соты 22 маусымда журналист Думан Мұхаметкәрімді экстремизмді қаржыландырды деген айыппен екі айға қамауға алды.

"Тергеушінің өтінішін қолдаған прокурордың пікірін ескере отырып, сот күдіктінің үстінен екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Шешім заңды күшіне енген жоқ", - деп мәлімдеді Іле аудандық соты.

Сот отырысынан кейін журналист Думан Мұхаметкәрім Талдықорғандағы тергеу изоляторына ауыстырылды.

Думан Мұхаметкәрім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабы «Терроризмді немесе экстремистік қызметті қаржыландыруды және терроризмге немесе экстремизмге өзге де қатысы бар» және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 405-бабы «Экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешімі шыққаннан кейін қоғамдық немесе діни бірлестіктің немесе өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу» бабы бойынша күдікті.

22 маусымда ол 25 тәуліктік әкімшілік қамауға алынған соң босатылуы керек еді, бірақ сот басқа шешім шығарды.

Фото: nege.kz
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары