«Әділет» партиясы Павлодарда өндіріс пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Достарымен қыдыруға кеткен“. Маңғыстау облысында ер адам жоғалып кетті

“Достарымен қыдыруға кеткен“. Маңғыстау облысында ер адам жоғалып кетті
фото: ашық дереккөз

Маңғыстауда полиция мен жақындары жоғалып кеткен Ақтөбенің 31 жастағы тумасы Жандарбек Сейілхановты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адам 15 тамыз күні кешкісін үйінен көлікпен шығып кеткен, содан бері оралмаған, оның ұялы телефоны сөндірулі.

Аудандық полиция бөлімінің ақпаратынша, Сейілханов Жандарбек Бекбергенұлы (1995 жылы туған) Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы үйінен сағат 17:00-18:00 шамасында мемлекеттік нөмірі 259 AJS 04 Toyota Camry автокөлігімен шығып кеткен.

Жоғалған адамның туыстарының айтуынша, ол достарымен қыдырып, үйге оралуды жоспарлаған. Содан бері оның қайда екені туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Жандарбек Сейілхановтың бойы - 170-175 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қою қоңыр немесе қара, шашы қара, қысқа. Үйден шыққан кезде ақ жолақты футболка, қоңыр шалбар және қара спорттық аяқ киім киген.

Полиция мен туыстары Жандарбек Сейілхановтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін немесе аталған автокөлікті көрген жандардан мына телефон нөмірлеріне шұғыл хабарласуды сұрайды: 102, +7 (7292) 46-50-02, +7 (702) 814-13-00, +7 (707) 590-67-00.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.