life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Домбыраны харам деген "сақалды" 7 жылға сотталуы мүмкін

Домбыраны харам деген "сақалды" 7 жылға сотталуы мүмкін
Видеодан алынған кадр

Азат Қоныс Қылмыстық кодекстің «Діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша күдікке ілікті. Тергеу аяқталғанша қамауда отырады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Жедел-іздестіру барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды.

— Бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды. Жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдікнемесе діни араздықты қоздыру заңмен қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Азат Қоныс әлеуметтік желіде ішектік аспаптар, оның ішінде домбыраны да харам деп айтқан. Видео әлеуметтік желіде талқыға түсіп, полиция іс қозғады. 

Еске салсақ, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі екі жыл бұрын домбыра тарту туралы пәтуа шығарды.

Онда: «Дінді насихаттайтын, халықты отансүйгіштікке, имандылыққа, бірлік пен адамгершілікке шақыратын әндер мен музыкаға рұқсат. Егер музыка пасықтыққа, бұзғыншылыққа, жаманшылыққа, азғындыққа, т. с. с. шариғатымызда тыйым салынған істерге алып барса тыйым салынады. Сан ғасырдан бері Ислам дінін ұстанып келе жатқан қазақ халқының ұлттық аспабы — домбыра арқылы ән, терме-толғау шырқап, тыңдаушыны имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, Отанды қорғауға, ата-анамызды қадірлеуге шақырған. Сондықтан домбыраны тартуға болады», — деп айтылды. 

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.