Сотта екі эпизод қаралды.
Бірінші жағдай – Жаңа жыл мерекесіне қатысты пікір.
2023 жылдың 31 желтоқсанында Жүгінісов TikTok желісінде Жаңа жылды тойлаудың қажеті бар ма деген сауал қойып, бұл мерекені пайғамбар да, ата-бабалар да атап өтпегенін айтқан.
Екінші жағдай – Ақтөбедегі мешіттегі видеоға реакция.
Әнші мешітте түсірілген бейнежазбаға пікір қалдырған. Онда ер адам қызға «бір реттік никях» – жақындасу мақсатында жасалатын жалған некені ұсынған. Жүгінісов бұл әрекеттің арандатушылық екенін айтып, қыздың мешітке тек әкесінің немесе ағасының ертуімен барғаны жөн деген кеңес білдірген.
Мамандар жүргізген сараптама мұндай мәлімдемелер қоғамда діни алауыздық тудыруы мүмкін деген қорытынды жасаған.