KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Динара Сәтжанның жолдасы Президент жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталды

• Айжан Сыланова
Фото: dinarasatzhan инстаграм парақшасынан

Тележүргізуші Динара Сәтжанның жолдасы, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Президент жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болды. Марапатты Астана қаласының әкімі табыстаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер бұл марапатты үлкен абырой әрі жауапкершілік ретінде қабылдайтынын айтты. Оның сөзінше, алдағы уақытта да ел мен қоғам дамуына үлес қосуды жалғастыра бермек.

«Бұл – мен үшін зор мәртебе. Қазақстанның дамуына қолымнан келгенше қызмет етуге дайынмын», – деді ол.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →