Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында су жаңа баспанасын таныстырып, отбасылық өміріне қатысты сұрақтарға да жауап берді, деп хабарлайды Kznews.kz.
Әңгіме барысында ол зәулім үйде қанша адам бірге тұратынын да жасырмады. Тележүргізуші шаңырақтағы тұрмыс-тіршілікті баяндай отырып, жұбайы Жұмабектің бірінші некеден туған балаларының қайда тұратынын нақтылап өтті.
"Үйіміз қатты үлкен болмағандықтан гардероб сыйымды. Бұл үйде мен, Жұмабек, анам және балалар тұрады. Ал Жұмабектің балалары Алматыда тұрады", - деді ол.
Динара Сәтжанның осы сөзінен кейін Бейбіт Әлібеков үйдің 500 шаршы метр квадрат екенін еске салды. Сондай-ақ, әжесі мен оның жатын бөлмесін де көрсетті.