Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев өнердегі інілерінің арасынан кімге жақынырақ екенін ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұл жайт Әбдіжаппар Әлқожаның қатысуымен өткен ойын барысында белгілі болды. Ойынның шарты бойынша жүргізуші екі әртісті қатар қояды, ал қатысушы олардың біреуін таңдауы керек. Таңдалған әртіс келесі өнерпазбен салыстырылып, осылайша ақырында ойыншыға ең жақын тұлға анықталады.
Ойынның соңына таман Мейрамбек Бесбаевқа:
«Әбдіжаппар Әлқожа ма, Димаш Құдайберген бе?»
— деген сұрақ қойылды.
Әнші көп ойланбастан Әбдіжаппар Әлқожаны таңдады.
Бұл шешім әлеуметтік желіде түрлі пікір тудырды. Кейбір қолданушылар бұл таңдау көңілдерінен шықпағанын жасырған жоқ:
«Димашпен біреуді салыстыру қазаққа ұят болу керек»,
«Димашты ешкіммен салыстырудың қажеті жоқ»,
«Димаш әрдайым бірінші орында», – деп жазды оқырмандар.