Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев өмірден озды

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев өмірден озды

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасында дүние салды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қаралы хабарды журналист Бауыржан Бабажанұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

“Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар”, – делінген жазбада.

Еске сала кетейік, 2019 жылы мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде еңбек сіңірген, елдің әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттарлған болатын.

Сондай-ақ 19 маусымда Димаш Құдайберген жоспар бойынша Малазияда концерт беру керек еді.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары