Атырауда полицейлерге шабуыл: екі қызметкер жарақат алды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш Құдайберген Қазақстанда жеке концертін бермек - новости Казахстана

Димаш Құдайберген Қазақстанда жеке концертін бермек - новости Казахстана

Димаш Құдайберген Астана күні қарсаңында "Астана Арнау" деген атпен жеке концертін береді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Концерт төрт-бес бөлімнен тұрады. Димаш отандық және шетелдік сазгерлердің, сонымен қатар өзінің авторлық туындыларын орындайды.

Әнші кеште қазақ, ағылшын, француз, ханзу, орыс, итальян тілдерінде ән айтпақ.

Димаш концертті еліне, халқына арнағысы келетінін жеткізген.

"Бұл менің Астана күніне арнайы тартуым болмақ", - деді ол.

Толық ақпарат концерт жақындаған кезде қосымша хабарланатын болады.


Дереккөз: kaz.nur.kz
Автор
Жандос