KZNews.kz
Шоу-бизнес

Димаш Құдайберген онлайн концерт өткізеді: Ән шашу кешін қайдан көруге болады - Қазақстан жаңалықтары

KZNEWS

ҚР мәдениет және спорт министрлігі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің  Bastau live Show концертін онлайн өткізбекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Көрсетілім 13 мамыр күні сағат 20:00-де министрліктің YouTube арнасында өткізіледі", - делінген ресми хабарламада. 

Димаштан бөлек онлай ән шашу кешінде "Астана Операcының" солисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, ресейлік әнші Кристина Орбакайте, британдық әнші, композитор Софи Эллис-Бекстор, швециялық әнші, "Еуровидения-2012" лауреаты Лорин өнер көрсетеді. 

Айта кетерлік жайт, Bastau шоу-бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің ең алғашқы жеке концерті болды. Ол 2017 жылы елорданың "Астана Арена" залында дүркіреп өткен еді. 


stan.kz
KZNEWS
Автордың басқа материалдары