Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш пен Данэлия Төлешова әлемдегі үздіктер шоуына қатысты

Димаш пен Данэлия Төлешова әлемдегі үздіктер шоуына қатысты

The World's Best жаңа шоуына әлемдегі ең дарынды адамдар жиналған

АСТАНА, 22 желтоқсан — Sputnik. Танымал қазақстандық әртістер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова АҚШ-та дарындылар шоуының қатысушысы атанды.

Димаш пен Данэлия The World's Best ("Әлемдегі үздіктер") тұсаукесер шоуында ән шырқайды. Қазақстандық жұлдыздарды CBS танымал америкалық телеарнасындағы промо-роликтен көрсетті.

Бағдарламаның жүргізушісі - танымал әртіс, комик Джеймс Корден. The World's Best қатысушылары әлемнің ең дарынды адамы мәртебесі үшін бақ сынасты. Олар жұлдызды әділ қазыларды таңғалдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Әділ қазылар қатарында: америкалық актриса Дрю Бэрримор, жүргізуші РуПол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Қатысушылар әртүрлі салалардағы 50 сарапшыдан тұратын "әлем қабырғасын" бұзуға тиіс болатын.

Жаңа шоудың алғашқы бағдарламасы 2019 жылдың 3 ақпанында көрсетіледі.

Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова – Қазақстанның жас әрі дарынды жарық жұлдыздары.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Арман