Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді - Қазақстан жаңалықтары

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді - Қазақстан жаңалықтары

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Ақтөбедегі мұқтаж отбасыларға бес тонна азық-түлік жіберді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің ізгі амалы туралы облыстық филармонияның директоры Елубай Кенжалиев мәлімдеді.

"Димаш игі іс жасап, елордалық және ақтөбелік отбасыларға бес тонна азық - түлік жөнелтті", - деп жазды Кенжалиев.

Оның айтуынша, 100 отбасыға көмек көрсетілген.

"Міне, шынында игі істер осылай жасалады: жариялылықсыз, тыныш, тек жанның қалауымен және жүректің түкпірінен", - деді Димаштың Eurasian Fan Club фан-клубы.

Бұған дейін Димаш барлық қазақстандықтарды коронавирус пандемиясы кезінде үйде қалуға шақырды. Ал өзі қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында, уақытын отбасымен бірге өткізіп жатыр.

Әнші Arnau Tour әлемдік турнесін кейінге қалдырды. Тыңдаушылар "карантиндегі жұлдыз" онлайн-жобасы арқылы Димаштың әнін тыңдай алады.


stan.kz
Автор
Еркебұлан