KZNews.kz
Шоу-бизнес

Димаш Құдайбергеннің белгісіз арумен суреті тарады (ФОТО)

Торғын Абушахман

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты ақпарат жоқтың қасы.

Threads қолданушысы жеке парақшасына Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Ол әйгілі әншінің белгісіз арумен жұп екенін жазып, бақыт тілеген. 

"Димаш Құдайбергенов, бақытты бол", - деді ол. 

Алайда желі қолданушылары автордың жазбасы түсініксіз екенін айтып, түрлі пікір қалдыруда. 

"Сіз не туралы айтып отырсыз?", "Үйлену тойын ел болып тойлаймыз", "Не мынау енді? Не басы жоқ, не аяғы жоқ", "Жайшылық па", "Дым түсінбегендер біргеміз", деп жазды оқырмандар. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің жеке өміріне қатысты ақпарат жоқтың қасы. Әнші үйленген жағдайда әйелін құпия ұстайтынын бұған дейін сұхбаттарында айтқан еді.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →