Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қазақ өнерінің аңызы, театр және киноның ірі тұлғасы Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты терең күйзеліс білдіріп, отбасына сабыр тіледі, деп хабарлайды kznews.kz.
Димаш аңыз актердің шығармашылығы мен адамдық болмысының кейінгі ұрпақ үшін өлмес үлгі екенін атап өтті:
«Маған берген ақ баталарыңыз, әрбір өнегелі сөзіңіз – өмірлік бағдар, өнер жолындағы ең қымбат рухани мұра. Сіздің ұстанымыңыз кейінгі буын үшін өлмес өнеге», – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Димаш Асанәлі Әшімовтің рухына тағзым етіп, отбасына сабыр мен төзімділік тіледі:
«Ағамыздың рухы пейіштің төрінде шалқығай! Отбасына Жаратушы сабыр берсін. Қазаның арты қайырлы болғай».
Асанәлі Әшімовтің қазасы ел мәдениеті мен өнер қауымы үшін үлкен қайғы болды, есімі қазақ өнерінің тарихында мәңгі сақталмақ.