"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды

«Дикий Арманның» сыбайласы Дубайдан Қазақстанға экстрадицияланды

Ол «қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан

Қазақстанның Бас прокуратурасы «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің сыбайласын елге қайтарды, деп хабарлайды Kznews.kz 

Жұмагелдиевтің қылмыстық тобында болған ер адам Дубай қаласынан экстрадицияланған.

«Ол 2022 жылғы 5-7 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жұмагелдиевтің бандалық құрамында жаппай тәртіпсіздіктерге белсене қатысты деген күдікке ілінген. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталды», - деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Қазір «Дикий Арманның» сыбайласы Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Бас прокуратура атап өткендей, оған тағылған айып бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.