Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Депутат желіде жазған пікірі үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды

Депутат желіде жазған пікірі үшін сотталғандарға рақымшылық жасауды ұсынды
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабымен сотталған азаматтарды рақымшылыққа іліктіруді ұсынды., деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат әріптестерін батылдық танытып, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотталған адамдарды рақымшылық жасау туралы заң жобасына енгізуді қолдауға шақырды. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар аталған бапты рақымшылық тізіміне қосуға асықпай отыр.

«Бұл жерде мас күйінде көлік жүргізу сияқты құқықбұзушылықтар туралы айтып отырғанымыз жоқ. Бізде өкінішті жағдайлар бар. Адамдар әлеуметтік желідегі пікірлері үшін ғана сотталып жатады», – деді депутат.

Медиа қауымдастығында Қылмыстық кодекстің 274-бабы бұрыннан «журналистік бап» ретінде танылып келеді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары, оның ішінде Committee to Protect Journalists, бұл норманы қылмыстық заңнамадан алып тастауды бірнеше жылдан бері талап етіп келеді.

Құқық қорғаушылардың пікірінше, баптың тұжырымдары тым кең әрі нақты емес болғандықтан, оны журналистер мен блогерлерге қарсы қолдану қаупі жоғары. Соның салдарынан азаматтар тергеуге тартылып, қамауға алынуы мүмкін.

Жуырда Астана қаласында журналист Ботагөз Омароваға әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты дәл осы 274-бап бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Кейінірек ол үйқамаққа алынып, кейін іс өндірістен тоқтатылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі