KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

"Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме": Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ренішін білдірді

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Аша Матаймен болған бір жағдайды айтып, оның амандасу әдебіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz

“Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі?! Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Енді не қылайын? Қиын болды-ау”, – деп жазды ол.

Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайды мәдениетке сай емес әрекет деп бағалап, көпшілік ортада амандасу әдебін сақтау маңызды екенін атап өтті.

“Негізі, үміткер ханымға айтпағым – сәлемді алмау нағыз мәдениетсіздік қой. Оның үстіне үлкен ортада, жан-жағымыз зиялы қауым. Мен сен үшін ұялдым”, – деді әнші.

Ол сондай-ақ Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанын еске алып, оның қоғамдық мәселелерге қатысты белсенділігіне күмән келтірді.

“Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің?! Бұлай ойлау тым аңғалдық. Мен сені әзілдеп отыр деп ойладым”, – деп жазды Түсіпбаева.

Жазбасының соңында әнші этикет мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, жасы үлкен адам сәлем бергенде, жасы кіші ізет білдіріп жауап беруі керек.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →