140 000 кәсіпорын: қай қала шағын бизнеске қолайлы?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Маған көзін алартты, сәлемімді алмады”: Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ашулы екенін жеткізді

“Маған көзін алартты, сәлемімді алмады”: Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға ашулы екенін жеткізді

Түсіпбаеваның айтуынша, жақында ортақ ортада Аша Матаймен кездесіп, онымен амандасқан. Алайда әнші оның сәлемін алмаған.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Аша Матайға қатысты пікірін білдірді. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz.

«Амандассам, Аша маған көзін алайтып бір қарап, мен отырған дастарханға жайғасты. Негізі, бұл – мәдениетсіздік қой, сәлемді алмау. Әсіресе үлкен ортада», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Меруерт Түсіпбаева Аша Матайдың депутаттыққа үміткер болғанына тоқталып, оның қоғамдық мәселелерге қатысты белсенділігін сынға алды.

«Желіде бір әлеуметтік мәселе көтермеген Аша, сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің? Наивно полагать. Шутишь?» – деді әнші.

Түсіпбаева жазбасында әдеп пен үлкенге құрмет көрсету қажеттігін де атап өтті.

«Этикет бойынша жасы үлкен сәлем береді, жасы кіші ілтипатпен қабыл алады», – деп түйіндеді ол.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.