«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Денсаулық сақтау басқармасы: Қарағанды карантинге жабылмайды - Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау басқармасы: Қарағанды карантинге жабылмайды - Қазақстан жаңалықтары

Қарағанды карантинге жабылмайтын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев мәлім етті. 

«Өкінішке қарай, біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы анықталды. Екеуі де шетелден келген. Вирус Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келген ұшақ жолаушыларынан табылды. 18 наурызда борт елорданың карантинге жабылуына байланысты Қарағанды қаласындағы әуежайға қонды. Бұл күні Нұр-Сұлтанға 3 халықаралық борт келді. Жолаушыларды қарсы алу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталған. Қалада карантин жариялауға негіз жоқ», - дейді Ержан Нұрлыбаев.

"Жолаушылардың кездесуі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтау жағдайында өткізілді. Оларды тасымалдауға арналған автобус ұшақ баспалдағынан күтіп алды. Осылайша жолаушылар әуежай ғимаратына кірген жоқ. Азаматтар автобуста тексерілді. Қарап болғаннан кейін барлық жолаушы автобуспен ұйымдасқан түрде карантиндік госпитальға жеткізілді, бұл ретте коронавирус аурушаңдығы жоғары елдерден келген адамдар пациенттердің жалпы тобынан бөлінген болатын", - деп қосты басқарма басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49-ға жеткені айтылған еді. Ауруға жаңадан шалдыққандардың екеуі Қарағандыда анықталыпты. 


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан