Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақыты үшінші рет ұзартылды - новости Казахстана

Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақытын тағы да 15 тәулікке созды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: fromua.news
Денис Теннің өліміне күдіктілердің барлығы қамауда әлі 15 күн болады.
Бұл шешімді Алматы қалалық соты қабылдаған.
Осылайша, қарақшылық пен адам өліміне күдікті Қиясов 3 желтоқсанға дейін, ұрлық пен қарақшылыққа, адам өліміне күдікті Құдайбергенов 4 желтоқсанға дейін қамауда отырады.
Ал ұрлық жасау істеріне қатысқан, сондай-ақ, қылмысты жасырып қалған Толыбаева изоляторда 7 желтоқсанға дейін болады.
Мәнерлеп сырғанушының өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар